Ерке Есмахан өзін «той әншісі, қазақи әнші» деп сынағандарға ортаңғы саусағын көрсетті. Өнеріне мұрын шүйіре қарайтындардың әрекеті танымал әншінің ашуын туғызса керек ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасына Төреғали Төрәлімен бірге түсірген «Алло» әнінің бейнебаянындағы ортаңғы саусағы көрсетіп тұрған сәтінің скриншотын жариялады.
Әні арысы АҚШ пен Кореяны берісі Өзбекстаны шарлап, аталған елдің тұрғындары шама шарқынша орындап жүрген Ерке Есмахан өзінің көңілін қалдырған оқырмандарына мынандай мәтін де қалдырыпты.