KZNews.kz
Қоғам

Ерекше үйлену тойы: жас жұбайлардың сахнаға шығуы елді күлкіге қарық қылды

Айжан Сыланова

Кадрлардан қалыңдық пен күйеу жігіттің ұлттық киіммен қонақтардың алдына ерекше тәсілмен шыққанын көруге болады. Олар залға орнатылған арнайы люктен көтеріліп келеді. Мұндай көрініс өзгеше әрі әсерлі көрінген.

Бұл сәт көпшіліктің қызу талқысына түсіп, әзіл-қалжыңға толы пікірлер қалдырылды.

«Байысам, ресторанға парашютпен түсемін», «Енді тек тікұшақпен келу ғана қалды», «Қазақтарымыз таңқалдырудан жалықпайды», – деп жазды желі қолданушылары.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →