KZNews.kz
Сараптама

Ердоғанның шақыруымен. Президент Түркияға сапарлайды

Торғын Абушахман

2025 жылдың 29 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды Kznews.kz

Дереккөзге сүйенсек, екі ел басшылары Анкарада келіссөз

жүргізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселесін талқылайды.

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →