АҚШ-тың Теннесси штатында ер адам өз анасына бензин шашып, үйін өртегені үшін айыпталуда, деп хабарлайды kznews.kz People басылымына сілтеме жасап.
Вашингтон округі шериф кеңсесінің мәліметінше, 9 сәуір күні таңертең полиция Джонсборо қаласындағы 446 S. Pickens Bridge Road мекенжайында болған өрт туралы хабарламаға жеткен. Оқиға орнына жеткенде үйдің толықтай жалынға оранғаны анықталған.
Жәбірленушінің айтуынша, 32 жастағы Дастин Макен оны және үйге бензин шашып, кейін өртеген. Сонымен қатар, әйелдің 911 қызметіне хабарласа алмауы үшін оның ұялы телефонын сындырып тастаған.
Соған қарамастан, әйел үйден шығып үлгеріп, көршісінің үйінен жедел қызметке хабарласқан. Полиция мәліметінше, ол қолынан күйік алып, жергілікті ауруханаға жеткізілген.
Алдын ала деректер бойынша, ұлы анасы оны үйден қуып жібермек болғаннан кейін осындай әрекетке барған. Біраз уақыттан соң күдікті жақын маңнан табылып, ұсталды.
Құқық қорғау органдары оған бірінші дәрежелі кісі өлтіруге оқталу, адам ұрлауға оқталу, ауырлататын мән-жайдағы өрт қою, ауырлататын мән-жайдағы заңсыз басып кіру және 911 қызметіне хабарласуға кедергі жасау баптары бойынша айып тағылғанын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта ол Вашингтон округінің тергеу изоляторында қамауда отыр, кепілмен босату мүмкіндігі қарастырылмаған.
Шериф Кит Секстонның айтуынша, оқиға анасы ұлын үйден шығару процесін бастаған кезде болған.
«Ол ұлын үйден шығарғалы жатқан. Біраздан кейін ол кетіп, қайта оралып, бензин құйылған канистрмен келіп, жәбірленуші мен үйге бензин шашқан», — деді шериф.