Үндістанның Бангалор қаласында 42 жастағы ер адам қарт анасын көпқабатты үйдің төртінші қабатынан итеріп жіберді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды kznews.kz NDTV арнасына сілтеме жасап.
Марқұм Савитрамма (72 жаста) соңғы 4–5 жыл бойы сал ауруына байланысты төсек тартып жатқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті — оның ұлы Венкатеш (42 жаста) — анасының ұзаққа созылған сырқатына байланысты күйзеліске түсіп, осындай әрекетке барған болуы мүмкін. Салдарынан әйел оқиға орнында қаза тапқан.

Құқық қорғау органдары аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеп, тергеу жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта ер адамнан жауап алуда.
Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда. Сонымен қатар, оның қаржылық жағдайы да тексеріліп жатыр және психикалық жағдайын бағалау үшін медициналық сараптама жүргізілмек.