Төрехан Сабырхан Қытай боксшысын 3 рет нокдаунға түсіріп, финалға өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ер адам көліктегі газ бен тежегішті шатастырып, әйелін қағып кетті

Ер адам көліктегі газ бен тежегішті шатастырып, әйелін қағып кетті
Оқиға орны.

Ленинград облысында ер адам газ бен тежегішті шатастырып, әйелін қағып кетті. Әйелі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz 112-ге сілтеме жасап.

«112» арнасының мәліметінше, 48 жастағы ер адам көлікті кері бағытта жүргізіп бара жатып, көгалда тұрған 54 жастағы жұбайын қағып кеткен. Көлік бордюрден асып түсіп, тура әйелге соғылған. Ауыр жарақаттардың салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.

Ерлі-зайыптылар 16 жылдан астам уақыт бірге өмір сүрген. Көршілер олардың тату-тәтті, үлгілі отбасы болғанын айтады.

Қазіргі уақытта ер адам ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкелгені үшін қылмыстық іс қозғалды.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер