Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Енді жаназада артық салат, торт, бәліш, жеміс-жидек қоюға рұқсат жоқ

Енді жаназада артық салат, торт, бәліш, жеміс-жидек қоюға рұқсат жоқ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жаназа жиындағы ысырапшылдықты азайту мақсатында ас беру тәртібін әзірлеп, арнайы мәзір бекітті. Енді жаназаға келгендерге артық салат, торт, бәліш, жеміс-жидек қоюға рұқсат жоқ, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар тіпті жаназа асында да ысырапшылдыққа бой алдырып, дастархан тойдан кем болмай тұр. ҚМДБ исламда ысырапқа тыйым салынғанын атап өтті. 

Имам Өмірзақ Бекқожаның айтуынша, қаралы жиындағы басты мақсат — келген жамағатты тамақтандыру ғана, одан артық көрсетілімге жол берілмеуі тиіс.

- Жергілікті имамдардың міндеті — мүфтият бекіткен осы құжатты халыққа дұрыс жеткізу. Барша қазақ осы тәртіпке бағынып, қаза асын игі ниет пен қарапайымдыққа бейімдейді деген үлкен үмітіміз бар, – дейді имам Өмірзақ Бекқожа Информбюро31-ге.

Қазір бұл талап Арқалықта, Павлодар мен Абай облыстарында, сондай-ақ Жезқазғанда енгізілген. Имамдар мен дінтанушылардың пікірінше, аза үстіндегі үйдің дастарханы түрлі тағамға толып тұрмауы керек. Мүфтияттың жаңа реттеуі — діни талапқа да, қоғамдық жауапкершілікке де сай қабылданған шешім.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.