Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Енді теңгеде жазба мәтіні тек қазақ тілінде жазылады

Енді теңгеде жазба мәтіні тек қазақ тілінде жазылады

Өзгерістер 2018 жылдың 12 желтоқсанында енгізілген

АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Енді Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгеде жазба мәтіні тек мемлекет тілде жазылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы Қазақстан президентінің "Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" жарлығында айтылған.

Өзгерістер 2018 жылдың 12 желтоқсанында енгізілген.

Жарлыққа сәйкес, банкноттар мен монеталар дизайнында пайдаланылатын жазба мәтіні мемлекеттік тілде рәсімделеді. Инвестициялық және коллекциялық монеталар дизайнында шет тілдерде жазуға рұқсат етіледі.

Бұған дейінгі құжатта банкноттар мен монеталарда жазбалар мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылатыны айтылған.

Сондай-ақ, тұжырымдаға сәйкес, банкноттар мен монеталар дизайнының мiндеттi элементтері мыналар:

  • номиналдың цифрмен және (немесе) әріппен белгiленуi;
  • түпнұсқалығын айқындауға мүмкiндiк беретiн және қолданыстағы қорғау технологияларын қолдана отырып, қолдан жасаудан қорғауды қамтамасыз ететiн элементтер;
  • эмитент елінің және (немесе) эмитенттің ресми атауы;
  • банкноттардың бет жағында және монеталардың бет немесе сырт жағында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі.

sputniknews.kz
Автор
Санжар