KZNews.kz
Білім

Енді қыс пен жазда ғана оқушыларға демалыс береді

Ayzhan Sylanova
Фото: ашық дереккөз

Қытайда жаңа оқу жылының кестесіне өзгерістер енгізіле бастады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін қытайлық мектептерде тек қысқы және жазғы демалыс болған болса, енді оқушыларға күзгі және көктемгі каникул да берілмек.

Маман пікірінше, мұндай шешім кездейсоқ емес. Бейжің оқу процесін қайта ұйымдастыру арқылы ішкі тұтынуды арттыруды көздеп отыр. Балалар демалысқа шыққан сайын ата-аналарымен бірге саяхаттап, ойын-сауық орындарына баруы мүмкін. Бұл өз кезегінде туризм, қызмет көрсету саласы мен ойын-сауық индустриясының қарқынын күшейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашуға әрі экономиканың жандануына ықпал етеді.

Macquarie Group орталығының бас экономисі Ларри Худың айтуынша, бастама мемлекетке қосымша шығын түсірмейді.

«Нарықтық экономикада біреудің шығысы – екінші біреудің кірісі. Тұтыну артқан сайын табыс көбейеді. Жергілікті билік үшін оқу жылына қосымша демалыс енгізу – экономиканы ынталандырудың ең арзан әрі тиімді жолы. Ол үшін бюджеттен артық қаржы бөлудің қажеті жоқ», – деді сарапшы.

Жаңа кесте пилоттық түрде бірнеше аймақта енгізіліп, кейін ел бойынша кеңейтілуі мүмкін. Сарапшылар демалыс күндерінің ұлғаюы отбасылық туризмді күшейтіп қана қоймай, білім жүйесіне түсетін психологиялық қысымды да азайтады деп болжап отыр.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары