ІІМ "Қазақмыс" нысандарындағы ұрлық схемаларының жолын кесуде
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Енді қазақстандықтар Құрбан айтта онлайн құрбандық шала алады

Енді қазақстандықтар Құрбан айтта онлайн құрбандық шала алады
Фото: ашық дереккөз

Биыл Қазақстанда Құрбан шалу дәстүрлі офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылады. ҚМДБ өкілдерінің айтуынша, бұл бастама әсіресе ірі қалаларда тұратын тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынған, деп хабарлайды kznews.kz.

Онлайн түрде құрбан шалғысы келетін азаматтар арнайы сайт арқылы құрбандық малын таңдап, төлемді Kaspi QR көмегімен жасай алады. Тапсырыс рәсімделгеннен кейін қолданушының телефонына SMS-хабарлама жіберіледі.

Мүфтият мәліметінше, қой мен ешкіні бір адам жеке шала алады, ал сиыр мен түйені бір немесе жеті адам бірігіп құрбандыққа шалуға мүмкіндік бар.

«Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі», – делінген ҚМДБ хабарламасында.

Сондай-ақ діни басқарма халықты Құрбан айт кезінде ұйымдастырылатын қайырымдылық акцияларына белсенді қатысуға шақырды.

Айта кетейік, ҚМДБ күнтізбесіне сәйкес биыл Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында өтеді. Ал 27 мамыр – Құрбан айттың алғашқы күні Қазақстанда ресми демалыс болып белгіленген.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.