Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Енді кімге еркелеймін?" – Жыл басында әкесінен айрылған әнші Қанайдың анасы өмірден озды (ФОТО)

"Енді кімге еркелеймін?" – Жыл басында әкесінен айрылған әнші Қанайдың анасы өмірден озды (ФОТО)
kznews.kz коллажы

"Qanay" лақап атымен танымал қазақстандық әнші Нұрболат Қанай отбасында ауыр қайғы орын алғанын хабарлады, деп жазады kznews.kz.

Өнер иесінің анасы өмірден өткені белгілі болды. Әнші бұл қаралы хабарды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында қысқа жазба жариялау арқылы жеткізген.

"Енді кімге еркелеймін?" – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін әнші 2026 жылдың қаңтар айында әкесінен айырылғанын да хабарлаған болатын. Сол кезде ол әлеуметтік желіде жүрек тебірентер жазба жариялап, қайғысын оқырмандарымен бөліскен.

"33 жасым қайғымен өрілді. Кенже балаңның жанына асықтың ба екен? Қолымнан келгеннің бәрін істедім. Кешірші, папау…", – деп жазған еді ол.

Әншінің айтуынша, әкесінің қазасын анасына бірден айтпай, алдымен ауылға жіберген. Себебі анасының денсаулығы соңғы уақытта нашарлап, әрең жүріп жүргенін айтқан.

Сонымен қатар Нұрболат Қанай бұған дейін де өміріндегі ауыр кезеңдерді еске алып, 2003 жылы туған інісінен айырылғанын айтып өткен.

Qanay туралы

Нұрболат Қанай – қазақстандық жас орындаушы, тыңдарманға Qanay лақап атымен танымал. Ол көпшілікке "Ol qyz" атты танымал әні арқылы кеңінен белгілі болды. Сонымен бірге оның "Baiagydan", "Ritm-Takt", "Start" сияқты әндері де жастар арасында кең таралған.

Өнер иесі алғашқы шығармашылық жолын КВН сахнасынан бастаған. Кейін музыкалық бағытқа бет бұрып, "Орда" тобының солисі Дастан Оразбековпен бірге жұмыс істеп, оны өзінің шығармашылық тәлімгері ретінде атап жүрген.

2019 жылы ол КТА жобасына қатысып, кейін "Qazaqstan дауысы" музыкалық жобасында өнер көрсетіп, көрермен мен қазылардың назарын аударған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер