Талғатты құртқан тобыр: Ермегияевтың інісі ел білмейтін шындықты айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Енді камералар белбеу тақпаған және телефон ұстап отырған жүргізушілерді тіркейді

Енді камералар белбеу тақпаған және телефон ұстап отырған жүргізушілерді тіркейді
Ашық дереккөз

Қазақстанда 12 наурыздан бастап жол камералары бұрын тіркелмеген бірқатар құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтай бастайды. Енді камералар жүргізушінің телефон қолдануын және қауіпсіздік белдігін тақпағанын да тіркейтін болады, деп хабарлайды kznews.kz.

Жаңа өзгерістер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулердің күшіне енуімен байланысты. Полицияның түсіндіруінше, бұл жаңашылдық жаңа айыппұл енгізуді емес, құқық бұзушылықтарды тіркеу тәсілін жаңартуды көздейді.

Жаңа жүйе арқылы камералар енді келесі құқық бұзушылықтарды анықтай алады:
– жүргізушінің рөлде отырып телефон қолдануы;
– қауіпсіздік белдігін тақпау;
– техникалық тексерістің мерзімі өтіп кеткен көлік;
– міндетті сақтандыру полисінің болмауы.

Сонымен қатар жүйе кейбір жағдайларда автоматты түрде ескерту де шығара алады. Мысалы, жолда кептеліс туғызу немесе сыртқы жарық құралдарын дұрыс пайдаланбау сияқты жағдайларда.

Бұған дейін жол камералары небәрі алты түрлі құқық бұзушылықты тіркейтін: жылдамдықты арттыру, бағдаршамның тыйым салатын түсінен өту, жол белгілері мен таңбаларын елемеу, дұрыс тоқтамау немесе тұрақ ережесін бұзу, басып озу ережесін бұзу және жаяу жүргіншілерге жол бермеу.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргізушілердің тәртіп бұзуынан болады. 2025 жылдың басынан бері тіркелген 9 мыңнан астам жол апатының шамамен 8 мыңы жүргізушілердің кінәсінен болған.

Мамандар жүргізушілерді жолда телефон қолданбауға және қауіпсіздік белдігін міндетті түрде тағуға шақырады. Себебі мұндай немқұрайдылық тек айыппұлға ғана емес, ауыр жол апаттарына да әкелуі мүмкін.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.