Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Енді декларация тапсыруды ұмытып кеткендерге айыппұл салынбайтын болды

Енді декларация тапсыруды ұмытып кеткендерге айыппұл салынбайтын болды
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда салықтық есептілікті тапсырмағаны үшін айыппұл салынбайтын болды. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету аясында есептілік нысандары 30%-ға қысқартылған. Сонымен қатар көлік салығы бойынша есептер мен декларациялар тапсыру талабы алынып тасталды. Енді қазір жеке тұлғаларға қолданылып жүрген тәжірибедегідей бұл салық жол полициясы органдарының деректері негізінде есептеледі.

Сондай-ақ егер салық міндеттемесі 1 млн теңгеден аспаса, мүлік салығы мен жер салығына қатысты төлемдер бойынша есептілікті тапсыру талабы да жойылады.

"Салықтық есептілікті ұсынбағаны үшін айыппұлдан бас тарттық. Егер салық төлеуші есептілікті ұмытып кетсе, оған айыппұл салынбайды, есеп нөлдік болып қабылданады. Кейін салық төлеуші есептік кезеңдегі нақты табысын өзі декларациялай алады", - деді Ержан Біржанов.

Жаңа шаралар салық төлеушілерге түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға және мемлекеттік органдармен жұмысты жеңілдетуге бағытталған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі