Танымал әнші Жазира Байырбекова тегін өзгерткенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Әншінің жазуынша, енді ол Байырбекова емес, Ыса тегін қолданады.
«Менің тегім енді Байырбекова емес, Ыса. Менің аты-жөнім – Жазира Ыса», – деп жазды өнер иесі.
Әзірге әншінің мұндай шешім қабылдауына не себеп болғаны айтылған жоқ. Алайда оның бұл мәлімдемесі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.