Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Енді ауызша жасалған келісім де заңды болып есептеледі

Енді ауызша жасалған келісім де заңды болып есептеледі
Фото: pixabay.com

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов алаяқтықтың көбеюіне байланысты тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында заңға өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

"Бұл мәселе тұтынушы мен оған тауар немесе қызмет сатқан онлайн қызметтерге қатысты.Бізде қазір онлайн алақтар өте көп. Жалған коуч, психолог, оқу орталықтары көп. Интерет арқылы тауар сатып алатындар бар. Біздің азаматтар қорғалмаған. Қолында интернет арқылы тауар сатып алғандықтан, қолында ешқандай келісімшарт жоқ, Енді ауызша келісім де заңдастырылады. Ауызша келісім де, жазбаша келісім де заңды болып есептеледі. Ол бұрын да Азаматтық кодексте бар. Адам ватсаптағы аудио, видеожазбаларды және т.б. келісімдерді факті ретінде сотта дәлел қылып қолдана алады. Оны тұтынушылар құқығы заңына енгізіп қойдық",  - дейді депутат.

Әбенов тұтынушылардың өз құқығын білмейтінін айтады.

"Көп адам алданып қалады. Алаяқтар халықты менің курсымды оқысаң, 1 миллион пайда табасың, ешқандай қорықпа, ҰБТ- дан 100 балл аласың деп алдайды. Ақшаны алып алған соң жауапкершіліктен жалтарып шығады. Біз осы азаматтарды қорғау үшін өзгеріс енгізіп жатырмыз. Бұл екі қарапайым адамның арасындағы дүние емес. Бұл электронды сауда жасаған адам мен бизнес арасындағы келісім. Бизнес алдамасын деп, тұтыншушылардың құқығын қорғау заңына енгіздік", - дейді Мұрат Әбенов.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі