Ислам нұры

Ең көп махр алған келіншек

Ең көп махр алған келіншек

Күндердің күнінде дәулетті Әбу Талха деген меккелік болды. Ол ер жетіп өзіне жар іздейді. Содан бір күні Умму Сулаймға келіп:

— Мен саған ең көп махр беремін,-деп үйленуге ұсыныс береді. Ол уақытта Умму Сулайм мұсылман болып үлгерген еді. Әбу Талханың ұсынысына Умму Сулайм:

— Мен саған тұрмысқа шыға алмаймын. Себебі, сен мұсылман емессің. Ислам шариғаты бойынша мұсылман әйел мұсылман емес еркекке үйлене алмайды,- деп бетін қағады. Әбу Талха мұндай жауапты күтпестен кері үйіне қайтады. Ертесіне махаббат сезімі оны Умму Сулаймның үйіне қайта алып келеді. Әбу Талха:

— Мен саған сары және ақ түсті алтындар беремін. Маған тұрмысқа шық, дейді. Умму Сулайм дегенінен қайтпай әлгі жауабын қайталайды. Әбу Талха қайтпай:

— Саған үйлену үшін не істеу керек?-дейді. Умму Сулайм:

— Мұсылман болу қажет. Әбу Талха:

— Ислам туралы алдымен ақпаратты кімнен алсам болады? Умму Сулайм:

— Ардақты Мұхаммед ибн Абдулла (с.а.у.) пайғамбардан,-деді. Содан Әбу Талха пайғамбардың (с.а.у.) үйіне қарай бет алады. Үй жағында пайғамбар (с.а.у.) сахабаларын жиып, бас қосып отырады. Әбу Талха оларға жақындап келіп, пайғамбарға қарайды да:

— Әбу Талха саған келді, көз жанарында оның Ислам нұры жарқырап тұр,- дейді. Сөйтіп, ол мұсылман болып Умму Сулайм екеуі шаңырақ құрған екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz