KZNews.kz
Спорт

“Ең болмаса ат сыйлаңдаршы” - қақпашының қалжыңы күлкіге қалдырды

Айжан Сыланова
Фото: ашықдереккөз

Бұл кездесуде қазақстандық қақпашы Мұхаммеджан Сейсен ерекше ойын көрсетіп, бірнеше қауіпті соққыларды тойтарған. Матчтан кейін ол жанкүйерлерге арнап әзіл аралас пікір білдірді.

«Мен Жамбылданмын ғой. Бізде бұл қанымызда бар — әкем де шапқан, атам да шапқан. Қазір барлық қақпашыларға көлік сыйлап жатыр, ал маған, тым болмаса, бір ат сыйлап жіберсе ғой!» – деп күліп айтты Сейсен.

Айта кетейік, бұл ойыннан кейін Қазақстан құрамасы өз тобында маңызды бір ұпай еншілеп, әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі мүмкіндігін сақтап қалды. Команданың келесі матчы өз алаңында өтеді деп күтілуде.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →