"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елордада балаларын пакетке салып сырғанатқан ер адам "Үздік әке" атанды

Елордада балаларын пакетке салып сырғанатқан ер адам "Үздік әке" атанды

Нұр-Сұлтан қаласында ер адам балаларын үлкен пакеттің ішіне салып сырғанатты.
Видео Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде жарияланды.

«Пакет барда сырғанақ сатып алудың не қажеті бар? «Жылдың үздік әкесі» атағын осы кісіге беру керек. Әлде бәрібір бұл бала денсаулығына қауіпті деп ойлайсыз ба?» — деп жазылған видео тұсында.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі ер адамды қолдап сөйлесе, енді екіншісі мұны жауапкершіліктің жоқтығына балады.

«Барлығы керемет, әрине. Ал балалар тұншығып қалса ше? Балалар кішкентай сияқты», «Балалар тұншығып қалуы мүмкін ғой», «Үйінде басқа балалары бар болған соң осылай жасап жатқан шығар», «Әкесі жанында тұр ғой. Ешнәрсе болмайды. Өтірік кісі болғанды қойыңдаршы» деп жазды желі қолданушылары.

Автор
Данияр