Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елордада балабақша кезегін автоматтандыру үшін блокчейн технологиясы қолданылады

Елордада балабақша кезегін автоматтандыру үшін блокчейн технологиясы қолданылады

Өткен жылы балабақшаға кезекке қою және жолдама беру, 1-сыныпқа қабылдау, колледждерге қабылдау автоматтандырылды. Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 3-5 күннен 5-10 минутқа дейін қысқарды.

Сонымен қатар, бұл жүйе тұрақты жұмыс істемегендіктен, онда деректер дұрыс сақталмаған және қала тұрғындарынан көптеген шағымдар түсті.

«Осыған байланысты, 1 ақпаннан бастап жүйе қала тұрғындарының пікірі мен қолданыстағы заңнаманы ескере отырып, оңтайландырылатын болады. Жаңартылған жүйеде кезекті қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін блокчейн технологиясы қолданылады», - деді Әлішер Әбдіқадыров.

Жаңа жүйеде басым бөлігінде балабақшаларды таңдау қарастырылған, бұл ретте ата-аналар өз таңдауын, оның ішінде жеке меншік балалар ұйымдарының пайдасына енгізу мүмкіндігін көріп, түзете алады.

Жұмыс принципі белгілі booking.com, uber немесе airbnb секілді платформалардың үлгісі бойынша негізделген, бұл ата-аналарға мектепке дейінгі ұйымдарда көрсетілетін қосымша қызметтердің рейтингі мен кеңейтілген тізімін ескере отырып, балабақшаларды таңдауына мүмкіндік береді.

«Интерфейс және функциялар барынша жеңілдетілді. Келесі айларда мектептер мен колледждердің функционалын қосамыз. Сонымен қатар, рейтинг, қосымша қызметтер және басқа сервистер негізінде ұйымды таңдауға болады», - деді ол.

Дереккөз: http://egemen.kz/
Автор
Жандос