KZNEWS.KZ
Қоғам

Елордада 13 қараша күні терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

• Асқар Алтайұлы
Фото: Асқар Беков

Осыған байланысты елорданың бір бөлігінде көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды kznews.kz.

Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, оқу-жаттығу сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Қарқаралы тасжолы, 15 мекенжайында орналасқан Қазақ ұлттық спорт университетінің аумағында ұйымдастырылады.

Шараның негізгі мақсаты – құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің терроризм қаупіне қарсы жедел әрекет ету дайындығын тексеру.

Оқу-жаттығу кезінде университет аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, азаматтардың жүріп-тұруына және көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.

Осыған байланысты жедел штаб тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды нұсқауларын орындауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

«Азаматтарды өтіп жатқан шараға түсіністікпен қарауға және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз», – делінген штаб хабарламасында.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →