KZNEWS.KZ
Оқиға

Елорда іргесінде қураған ағаш өртеніп жатыр

• KZNEWS

Елорда іргесінде қураған ағаш өртеніп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz сайты. 

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қураған ағаштың өртеніп жатқаны жайлы хабарлама өрт сөндірушілерге бүгін сағат 09:12-де түскен.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде Қорғалжың тасы жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасында қураған ағаштың өртеніп жатқаны анықталды. Қазіргі уақытта жеке құрамның 15 маманы мен 3 техникасы өртті сөндіріп жатыр», - деп атап өтеді департаменттен.
KZNEWS
Қазақстан және әлем жаңалықтары
Автордың басқа материалдары →