Парашюті ашылмай қалып көз жұмған 18 жасар сарбаздың өліміне кінәлілер сотталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Елорда әуежайындағы дау: қазақша құжат талап ету "провокация" ма? (ВИДЕО)

Елорда әуежайындағы дау: қазақша құжат талап ету "провокация" ма? (ВИДЕО)
shutterstock.com

Елорда әуежайында FlyArystan әуе компаниясының рейсі ұзақ уақытқа кешіктірілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жолаушылар ұшуды алты сағаттан астам уақыт бойы күткен. Сондай-ақ бұл жайт жолаушылардың наразылығын тудырды.

Әуежайдағы жолаушылардың көпшілігі таңнан бері сол маңда отырғанын айтып, рейс туралы нақты ақпараттың берілмегеніне шағымданды.

Бұл мәселеге наразы болған бір жолаушы:

"Қалай ғана ашуланбаймын? 5 сағат әуежайда отырып көріңіздер", – деп ашынғанын жеткізді.

 Сондай-ақ ол арнайы бланкіні толтыру кезінде өзіне орыс тіліндегі парақтың ұсынылғанына тағы да наразы болды. Тіпті өзіне "провокация жасап жатырсыз" деп жауап қайтарған жанға:

"Мен провокация жасап тұрған жоқпын. Мен Қазақстан азаматымын, ұлтым қазақ. Маған қазақ тіліндегі бланкіні беріңіздер", – деді.

Ал FlyArystan әуекомпаниясы өздері таратқан ресми мәлімдемеде 2026 жылғы 23 наурыздағы FS7307 Астана – Шымкент бағыты бойынша рейсінің техникалық себептерге байланысты кешіккенін хабарлады.

"Ұшу әуежайында күрделі ауа райы жағдайлары, соның ішінде қатты салқындаған тұман байқалып, бұл рейстердің орындалуына да әсер етті.

Кешігуді барынша азайту және жолаушыларды мүмкіндігінше жедел жөнелту мақсатында рейс Air Astana әуекомпаниясының әуе кемесімен орындалды. Ұшу уақыты 19:10-да жүзеге асырылды. 

Жолаушыларға сусындар мен ыстық тамақ ұсынылды, қонақүйге орналастыру ұйымдастырылды, сондай-ақ бір рет тегін қайта брондау немесе толық қайтару мүмкіндігі берілді.

Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі әуекомпанияның басты басымдығы болып табылады. Барлық шешімдер ұшу қауіпсіздігі стандарттарына қатаң сәйкес қабылданады" – деді FlyArystan әуекомпаниясы өкілдері.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер