Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
23.12.2018
18:34
0
1

2018 жылғы 22 желтоқсан 09:04 269

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі, 22 желтоқсан күні метеорологиялық жағдай еліміздің төрт қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Ақтөбеде ауа сапасының нашарлайтыны күтіледі. Ал Қарағанды мен Балқаш қалаларында жағымсыз метеожағдайлар сақталады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ