Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді

Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді
Фото: ашық дереккөз

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 3 қарашада Астана уақытымен 01:29-да жер сілкінісін тіркеген, деп хабарлайды kznews.kz.

“Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 1079 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан. Тереңдігі – 120 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 14,2. MPV магнитудасы – 6,2”, – делінген хабарламада.

Түркістан облысында есептік балл келесідей:

Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті – 2 балл,

Жетісай ауданы, Жетісай қаласы – 2 балл,

Шардара ауданы, Шардара қаласы – 2 балл.

Кейінірек ТЖМ жер сілкінісі Шымкент қаласында да сезілгенін, оның күші 2 балл болғанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.