Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елімізде көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өсті - Ел жаңалықтары

Елімізде көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өсті - Ел жаңалықтары

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 15,4-тен 16,1 мың теңгеге өскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, жәрдемақы мөлшері елдегі инфляция деңгейіне байланысты индекстеледі екен. 

"Биыл инфляцияның орташа дәлізі бес пайыз және соған байланысты жәрдемақы көтерілді. "Күміс алқа", "Алтын алқа" медальдары бар көпбалалы аналарға өмір бойы ай сайын жәрдемақы беріледі. Басқа елдерде мұндай жоқтың қасы. Ресейде ана капиталы бар. Бізде, егер барлық жылдарды санайтын болсақ, бірнеше миллион теңге шығады", - деді Әбілқасымова үкімет отырысынан кейін кулуарда. 

"Күміс алқа" белгісі алты не одан да көп баланы тәрбиелеп отырған әйелге беріледі, ал "Алтын алқа" жеті не одан да көп баланы асырап отырған әйелдерге беріледі. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
Автор
Санжар