Қазақстандықтарға туды балконға ілуге рұқсат берілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Елімізде газды есепке алудың бірыңғай цифрлық платформасы құрылады

Елімізде газды есепке алудың бірыңғай цифрлық платформасы құрылады
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында цифрлық трансформация газ саласының тиімділігін арттырудың маңызды құралы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

«Президент цифрландыруды мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың негізгі факторларының бірі ретінде айқындады. Бұл ретте цифрлық трансформация саланың тиімділігін арттырудың маңызды құралына айналуда. Жасанды интеллект министрлігіне Энергетика министрлігімен бірлесіп, газды есепке алудың бірыңғай цифрлық платформасын құруды қамтамасыз етуді тапсырамын», -  деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр Олжас Бектенов сұйытылған мұнай газына, оның ішінде оны шикізат ретінде пайдаланып отырған өндірістер тарапынан сұраныстың артып келе жатқанына назар аударды. Энергетика министрлігіне «ҚазМұнайГаз» компаниясымен бірлесіп, өндіріс көлемін арттыру бойынша жоспар дайындау тапсырылды.
 

«Сұйытылған мұнай газы нарығындағы ахуал ерекше назар аударуды талап етеді. Отынның бұл түрін шикізат ретінде пайдаланып отырған өндірістердің дамуына байланысты оның сұранысы жыл сайын артып келеді. Энергетика министрлігіне "ҚазМұнайГаз" компаниясымен бірлесіп, бір ай мерзімде сұйытылған газ өндіру көлемін арттырудың нақты жоспарын ұсынуды тапсырамын. Сонымен қатар өңірлер арасында, сондай-ақ өңірлер ішінде газ көлемін бөлудің ашық тетігін енгізу қажет», - деп тапсырды Олжас Бектенов.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі