KZNews.kz
Білім

Елге танымал ұстаз Оқу ағарту министріне шұғыл үндеу жасады

Қайсар Қанат
Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Танымал педагог Азамат Сәмбетқұлов Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға сынып жетекшілердің еңбекақысы мен жүктемесіне қатысты ашық үндеу жолдады.

Оның айтуынша, сынып жетекшілердің атқарып жүрген еңбегі мен оларға төленетін ақы арасында үлкен алшақтық бар.

"Құрметті министр ханым! Сынып жетекшілеріне төленетін жалақыны елдегі ең төменгі жалақы мөлшеріне – шамамен 85 мың теңгеге теңестіріп, бұл қызметті жеке штат ретінде қарастыруды сұраймын. Себебі сынып жетекшілері айына 4-5 рет сынып сағатын өткізеді. Әр сағаттың құнын орта есеппен 5 мың теңге деп алсақ, ең кемі 20-25 мың теңге көлемінде ақы алуы керек", – дейді Азамат Сәмбетқұлов.

Сондай-ақ, ол әр тексеріс кезінде сынып жетекшілерден түрлі құжаттар талап етілетінін, бұл олардың уақытын босқа алатынын атап өтті.

"Әр тексеру сайын түрлі құжаттар сұралады. Бұл мұғалімдердің уақытын алып, жүйкесін қажытады. Ал сынып жетекшісі өз сыныбындағы әр оқушының тағдырына, тәрбиесіне жауапты екенін ұмытпауымыз керек. Ол сол үшін жеке уақыты мен отбасына арналған уақытын да сарп етеді", – деп атап өтті ұстаз.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары