Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елеусіновтің бесінші жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады? - Бокс

Елеусіновтің бесінші жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады? - Бокс

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (4-0, 2 КО) кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегін "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшының қарсыласы - никарагуалық Маркос Мохика (16-2-2, 12 КО).

Жекпе-жек сегіз раунд форматында болады. Елеусіновтің бұған дейінгі төрт жекпе-жегі де алты раундтан тұрған еді.

Елеусінов - Мохика жекпе-жегі қарашаның 24-нен 25-не қараған түні "Казино де Монте-Карлодағы" бокс кешінде болады. Бұл кештің басты жекпе-жегінде бірінші ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) америкалық Майк Уилсонмен (19-0, 8 КО) жұдырықтасады.

"Хабар" арнасындағы трансляция Астана уақытымен сағат 01:00-де басталады.

Автор
Санжар