Қоғам

Электрсамокатты пайдалануға қатысты ереже күшейеді

Электрсамокатты пайдалануға қатысты ереже күшейеді
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда электрсамокаттарды пайдалану ережелері айтарлықтай қатаңдатылмақ, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазақстанда электросамокаттар енді жүргізу үшін сақтандыру мен тіркеу нөмірі қажет көлік құралдары тізіміне қосылды. Бүгін Мәжіліс құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша сәйкес түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, жол қозғалысына қатысушыларды, азаматтарды және балаларды қорғау мақсатында жалға берілетін электросамокаттар көлік құралдары қатарына енгізіліп, оларды басқару үшін міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру және тіркеу нөмірі болуы тиіс.

«Мұндай талаптар болмаған жағдайда жол қозғалысына қатысу заңсыз болады», - деді депутат.

Мәжіліс кулуарында депутат жолға шығуға тек 18 жастан асқан адамдарға ғана рұқсат берілетінін, сондай-ақ жүргізуші куәлігі болуы шарт екенін айтты.

«Қалған жерлер саябақтар мен веложолдарда барлық жастағы адамдар самокатпен жүре алады, арнайы куәліксіз жүре алады. Тек заңмен белгіленген жылдамдықты сақтау қажет, жылдамдық сағатына 6 километрден аспауы тиіс, сондай-ақ самокаттарды жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмейтіндей қою керек», - деді Магеррам Магеррамов.

Депутаттың айтуынша, шерингтік компаниялар жалға алушылар самокаттарды қайда тастайтынын, әсіресе жаяужолдарда бақылауы керек. Сонымен қатар, әр самокатқа жылдамдықты өлшейтін құрылғы орнатылуы тиіс. Құқықбұзушылық үшін орта кәсіпкерлікке 20 АЕК (2025 жылы 78 640 теңге), қайталанған жағдайда 40 АЕК (157 280 теңге) айыппұл салынды.

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепёха жаңа түзетулер компанияларды әр самокатты тіркеуге міндеттейтінін айтады.

«Біз нөмір үлгісін жасаймыз, бұл мемлекеттік тіркеу нөмірі болмайды. Ол оқылатын, әр компанияға тән нөмір болады. Егер құқықбұзушылық немесе жол-көлік оқиғасы болса, куәгерлер осы нөмір бойынша кім басқарғанын айта алады. Сонымен қатар, барлық самокаттар сақтандырылуы тиіс. Егер апат болса, қатысушы белгісіз болса, жол-көлік оқиғаларына сәйкес әрекет жасалады», - деді вице-министр.

Еске салсақ, сарапшылардың дерегінше, соңғы жылы Қазақстанда электросамокат жүргізушілері қатысқан жол-көлік оқиғалары айтарлықтай көбейген. Биылғы жылдың қаңтар–тамыз айларында 153 ЖКО тіркелген, олардың көбінде автокөліктер электросамокат жүргізушілерін соққан. Ең көп апат Алматыда  79, Астанада 38, Шымкентте 11 жағдай тіркелген.

Қыркүйекте epetition.kz порталында Қазақстанда самокаттарды жалға беруге тыйым салу туралы петиция жарияланды. Алайда мемлекеттік органдар оны модерациядан өткізбеді және оны жариялауға рұқсат бермеді.

Жаңа заңда жол қауіпсіздігін жақсартуға және электрсамокаттарды жалға беру операторларының қызметін реттеуге бағытталған өзгерістер ұсынылады.

Жаңа заң жобасы жол қауіпсіздігін арттыруға және прокат сервисінің жұмысын реттеуге бағытталған.

Электросамокат жалдаумен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін міндетті талаптар енгізіледі:

- азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру – парктегі әр самокатқа жеке сақтандыру полисі болуы тиіс;
- есепке қою және тіркеу – барлық электросамокатқа белгіленген тәртіппен тіркеу нөмірлері беріледі.

Заң жобасы прокат операторларының міндеттемелерін айтарлықтай кеңейтеді. Енді олар көлік құралын басқару құқығы жоқ адамды самокатқа отырғызғаны үшін, басқару құқығынан айырылған жүргізушіге самокат бергені үшін жауап береді.

Ұсынылып отырған шаралар кешені электрсамокаттар қатысатын жол-көлік оқиғаларын азайтуға; пайдаланушылардың тәртібін жақсартуға; прокат операторларын бақылаудың ашық жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Заң шығарушылардың айтуынша, жаңа талаптар азаматтардың электросамокат қолдану құқығын шектемейді, керісінше барлық жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруды көздейді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz