KZNews.kz
Шоу-бизнес

Ел аумағындағы неліктен әскери техникалардың қозғалысы басталды?

KZNEWS

Ел аумағындағы әскери техникалардың қозғалысына қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдірді. Ведомствоның айтуынша полигондарға оқу-жаттығу жиыны өткізу үшін әскери техникалар бет алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Kznews.kz сайты.

Әскерлерді тексеру жаттығулары 4-сәуірде басталған.

Полигондарда тактикалық, түнгі уақытта ату бойынша оқу-жаттығулар өтетінін болады.

Бөлімшелердің белгіленген мерзімде жүктелген тапсырмаларды орындау үйлесімділігі мен қабілеттілігі, әскери қызметкерлердің дайындығы, сондай-ақ командирлердің қоластындағы әскерилерді және бекітілген бөлімшелерді басқару қабілеті бағаланады.

""Бөлімшелер сәуір айында әскери техникамен, темір жол көлігімен полигондарға ауысып, онда практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. "Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскерлері бақылау тексерісі шеңберінде Маңғыстау облысындағы полигондарға күштер мен құралдарды жіберуді жүзеге асырады", - делінген хабарламада.

"Қарулы Күштердің барлық құрамалары мен бөлімдері, сондай-ақ әскери басқару органдары тексерілуге ​​жатады. Әскери техниканың қозғалысы, жеке құрамның қозғалысы әскерлердің жауынгерлік даярлығы үдерісімен байланысты. Жауынгерлік оқу іс-шаралары жоспарланғандай жүзеге асырылды", - деді Қорғаныс министрлігі.


(Фото: military-informant.com)
KZNEWS
Автордың басқа материалдары