KZNews.kz
Саясат

Экс-президенттің баспасөз хатшысы Сара Назарбаеваның диагнозын айтты

Айжан Сыланова
Фото: myseldon.com

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның Алматыдағы ауруханада инфаркт алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Үкібайдың айтуынша, 2025 жылдың сәуір айынан бастап Сара Назарбаева Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Алматы қаласындағы Ұлттық госпиталінде ем қабылдаған.

Сол кезеңде ол ауыр миокард инфарктін өткерген. Дәрігерлер ұзақ жылдарға созылған қант диабеті мен үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі аясында жүректің ишемиялық ауруын, сондай-ақ жүрек және өкпе жеткіліксіздігін анықтаған.

Біршама уақыт бойы Сара Назарбаева өкпені жасанды желдету аппаратына және жасанды бүйрек құрылғысына қосылған күйде болған.

Баспасөз хатшысының сөзінше, биыл қаңтар айында жағдайы тұрақтанған соң стационарлық ем аяқталған. Қазіргі уақытта Сара Назарбаева Алматы қаласында үй жағдайында дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →