Электр энергиясы қымбаттайды: Алматы мен облыс тұрғындары неге алаңдайды?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Екінші сынып оқулығындағы Ыбырай Алтынсариннің қысқартылған өлеңі қызу талқыға түсуде

Екінші сынып оқулығындағы Ыбырай Алтынсариннің қысқартылған өлеңі қызу талқыға түсуде

Екінші сыныпқа арналған әдебиеттік оқу оқулығындағы Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің қысқартылған нұсқасы ата-аналардың арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік бала күнінен жатқа білетін шығарманың бірқатар маңызды шумағы кітапта не себепті жоқ екенін сұрап отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқулықта шығарма:

«Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық...»

деген жолдармен басталады. Одан кейін «Сиса көйлек үстіңде», «Сауысқанның тамағы» секілді шумақтар беріліп, шығарма «Өнер-білім бәрі де оқуменен табылған» деген жолдармен аяқталады.

Алайда шығарманың кең тараған толық нұсқасында бұдан бөлек білімнің адам өміріндегі маңызын айшықтайтын бірнеше шумақ бар. Соның бірі – көпшілікке жақсы таныс:

«Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар»

деген жолдар. Бұл шумақтың оқулықтан кездеспеуі ата-аналардың назарын ерекше аударған.

Ашық дереккөздерде жарияланған шығарманың толық нұсқасында оқу-білімнің пайдасы бірнеше қырынан баяндалады. Ақын білімсіздікті қараңғылыққа теңеп, оқыған адамның дүниетанымы кеңейетінін, білімнің уақыт өте келе құнын жоғалтпайтынын айтады. Сондай-ақ өлеңде надандық, еңбек, ата-анаға сүйеніш болу және білімнің адам өміріндегі орны туралы ойлар қамтылған.

Осыған байланысты ата-аналардың бір бөлігі оқулықтағы нұсқаны шығарманың толық мәтіні деп қабылдап, алаңдаушылық білдіріп отыр. Олардың пікірінше, балаға белгілі бір шығарманың үзіндісі ұсынылса, оның қысқартылған нұсқа екені кітапта анық көрсетілуі керек.

Ал басқа пікірдегі ата-аналар мен педагогтер мәтіннің бастауыш сынып оқушыларына жас ерекшелігіне қарай ықшамдалып берілуі мүмкін екенін алға тартады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.