KZNews.kz
Әлем

“Екінші Челах”: Мерзімді қызметтегі сарбаз басқа әскерилерді қырып тастады

Айжан Сыланова
Фото: bbc.com

Кейбір деректер бойынша, екі сарбаз қайтыс болып, бесеуі жарақат алған. Бір сарбаз ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Жараланғандардың бірі анасына қоңырау шалып, атыс туралы хабарлап үлгерген. РЕН ТВ-ның хабарлауынша, оқиға Мәскеу облысының Наро-Фоминск ауданының аумағында әскери бөлімде болған.

Көп өтпей Ресейдің Қорғаныс министрлігі бұл жағдайды растады.

Мерзімді сарбаз өзге сарбаздарға оқ жаудырып, өзіне қол жұмсаған.

«Қайғылы оқиға бүгін түнде болған. Мерзімді сарбаз бақылау бекетінде қару-жарақ ережелерін бұзды. Ол өзге келісімшарт жасасқан сарбаздарды атып тастады, содан кейін өзін-өзі қол жұмсады. 

Қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады ведомство.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →