Екібастұз қаласында кәмелетке толмаған екі жасөспірімнің өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Kznews.kz.
Павлодар облыстық Полиция департаменті аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталғанын растады. Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
«Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», – делінген ресми хабарламада.
Әлеуметтік желілерде екі оқиға әртүрлі күндері болғаны және марқұмдардың таныс екені жөнінде жазбалар тараған. Алайда құқық қорғау органдары бұл ақпаратты әзірге нақтылаған жоқ. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейтінін айтты.