Трамп Ресейге қарсы қатаң санкциялар енгізді: Қазақстанға әсері қандай болуы мүмкін?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Екібастұзда алты жасар ауладағы көліктің астына түсіп көз жұмды

Екібастұзда алты жасар ауладағы көліктің астына түсіп көз жұмды
Фото: Медиахолдинг1Mi

Екібастұзда көпқабатты үйдің ауласында көлік алты жастағы баланы қағып, ол оқиға орнында көз жұмды. Полиция қылмыстық іс қозғап, жол апатының себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Екібастұзда көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болған жол апатынан алты жастағы бала қаза тапты. Оқиға 19 қыркүйек күні кешкі уақытта болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Павлодар облысының Полиция департаменті баланың өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазір мамандар апаттың себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.

«Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушылар жол ережесі мен жылдамдық режимін қатаң сақтауы керек. Әсіресе көлік қозғалысы қарқынды аумақтарда аса сақ болған жөн», – делінген полиция хабарламасында.

Қаза болған баланың туыстарының айтуынша, қайғылы жағдай шамамен сағат 18:30-да болған. Олардың сөзінше, көлік жүргізген қыз аулада «жатқан полицей» болғанына қарамастан, көлікті жоғары жылдамдықпен басқарған.

Аталған дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.