Қызметкерлеріне пәтер сыйлаған Алагөзов бір жылда ондаған миллион долларға байыған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Екі өкпесіне бір мезетте пышақ салған: Талғарда тағы кісі өлімі болды

Екі өкпесіне бір мезетте пышақ салған: Талғарда тағы кісі өлімі болды
Фото: polisia.kz

Желіде журналист Нұртай Лахан Талғар ауданындағы кезекті кісі өлімі туралы хабардар етті, деп жазады kznews.kz.

- Небәрі 24 жаста еді. Артында бір жасқа енді толған екі қызы қалды. Қапыда бір боқмұрынның қолынан қаза тапты. Талғар ауданы Нұра ауылында тұратын жиенім кеше түнгі бірде ажал айдады ма, он жыл бұрын бақилық болған әкесінің басына барып құран оқыған. Қасында інісі бар. Қайтарда жол үстінде көліктің төрт есігін айқара ашып тастап, дәудірлеп отырған үш жігітті көреді. "Есікті жабыңдар, өтіп кетейік" дейді. Аналар "қажет болса айналып өт" дейді.

Бұлар да көп ерегеске бармай, кетіп қалады. Үйіне келіп, көліктен түскен сәтте арттарынан қуып келген үшеудің бірі сөзге келместен екі өкпеден бір мезетте пышақ тыққан.

Қолына екі пышақты қатар ұстап келгенін аңдамай қалған. Осылайша бір жас қапыда кетті, - делінген автордың жазбасында.

Ауыл тұрғындарының сөзінше мектеп оқушыларының өзі пышақ алып жүреді.

- Сыныпта отырған оқушы қыздың санына бір бала пышақ сұғып алған. Тіпті жетінші сыныптың бір оқушысы сегізінші сыныптың баласы пышақпен қуған кезде қорыққан бала құдамның ауласына жанұшыра кіріп, көмек сұраған. Ал мұндай мәселелер ауыл чатында жазылса, үркітіп, қорқытып, өшіріп тастайды екен.

Айтпақшы жиеніме пышақ тыққан боқмұрын 20 жаста ғана, - деп толықтырды журналист.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.