KZNews.kz
Жаңалықтар

Екі аптадан соң автоматты түрде ауыстырады: Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерге үндеу жасады

Жарқын Омаров
Фото: Midjourney

Мемлекеттік кірістер комитеті ңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін (АСР) таңдау үшін 2026 жылғы 28 ақпанға дейін хабарлама жіберу керектігін ескертеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Хабарламаны келесі тәсілдермен жолдауға болады:

– e-Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы;
– банктердің қосымшалары арқылы (Kaspi, Halyk Bank, БЦК);
– Салық төлеушінің кабинеті арқылы;
– тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз түрінде.

Егер көрсетілген мерзімге дейін оңайлатылған декларация режимі таңдалмаса, салық төлеуші 1 қаңтардан бастап автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауыстырылады.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →