Мемлекеттік кірістер комитеті ңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін (АСР) таңдау үшін 2026 жылғы 28 ақпанға дейін хабарлама жіберу керектігін ескертеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Хабарламаны келесі тәсілдермен жолдауға болады:
– e-Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы;
– банктердің қосымшалары арқылы (Kaspi, Halyk Bank, БЦК);
– Салық төлеушінің кабинеті арқылы;
– тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз түрінде.
Егер көрсетілген мерзімге дейін оңайлатылған декларация режимі таңдалмаса, салық төлеуші 1 қаңтардан бастап автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауыстырылады.