Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Екі айдан аса уақыт табылмай жатқан Айжалғас Қайруллиновты жеті баласы күтіп отыр

Екі айдан аса уақыт табылмай жатқан Айжалғас Қайруллиновты жеті баласы күтіп отыр
Суретте Кеңащы ауылының тұрғыны Айжалғас Қайруллинов

Ақмола облысында жеті баланы асырап отырған 31 жастағы Айжалғас Қайруллинов екі айдан аса уақыттан бері хабар-ошарсыз. Туыстары үміт отын үзбей алаңдаулы, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға Біржан сал ауданына қарасты Кеңащы ауылында болған. Кешкі мезгілде үйінен шығып кеткен ер адам содан кейін қайтып келмеген. Араға уақыт салып, ұлының жоғалып кеткенін айтқан анасы аудандық полицияға ресми арыз түсірген.

Жедел-іздестіру жұмыстарына облыстық полиция департаменті, төтенше жағдайлар қызметі, еріктілер, жақындары және ауыл азаматтары да қатысқан. Олар ауыл төңірегін, ықтимал бағыттарды тексеріп, түрлі деректерді жинағаны айтылады.

Тергеу барысында бірнеше нұсқа қарастырылып жатыр. Соның ішінде Айжалғас Қайруллиновтың жоғалуына бөтен адамдардың қатысы болуы мүмкін деген болжам да жоққа шығарылмаған. Тергеушілер сол күні оны көрген болуы ықтимал тұрғындарды анықтап, ер адамның араласатын ортасы мен соңғы байланыстарын сұрастырған.

Қазіргі таңда іздеу жұмыстары тоқтаған жоқ. Ер адамның фотосуреті еліміздің өзге аймақтарындағы полиция бөлімшелеріне жолданып, әлеуметтік желілерде еріктілер арқылы кең таралуда. Құқық қорғау органдары қандай да бір ақпарат білетін жандардан полицияға хабар беруді сұрайды.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер