«Нұр-Мұқасан» тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлеймен істің неге созылып кеткенін айтты, деп хабарлайды /Kznews.kz.
Ғалымжанның айтуынша, жанында болған азамат оның жағдайына алаңдап, полиция шақырған. Алайда құқық қорғау органдары келгенде жәбірленуші болғанына қарамастан, полиция бөліміне өзі жеткізілген.
Ғалымжан Сүлеймен тәртіп сақшылары жеткенге дейін де соққы жалғасқанын айтып, қарсы тараптың ықпалды таныстары болуы мүмкін деген күдігін білдірді.
Сондай-ақ әнші уақыт өте келе оқиғаға қатысты түрлі қауесеттер тарай бастағанын, екі ай өтсе де істің әлі созылып жатқанын жеткізді.
Бұл мәселеге қатысты оның қорғаушысы Инга Иманбай тергеу заңда белгіленген мерзімнен асып кеткенін айтып, істің баяу жүріп жатқанына назар аударды.