Иран аумағынан ұшырылған дрон Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай маңына құлады, деп хабарлайды kznews.kz APA ақпарат агенттігіне сілтей отырып.
SHOT арнасының мәліметінше, дрон құлағаннан кейін әуежай аумағында өрт шыққан.
Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Иран тарапынан бірнеше дрон ұшырылғанын растады. Олардың бірі әуежай терминалына құлаған, ал екіншісі Шекерабад ауылындағы мектептің жанында жерге түскен. Оқиға салдарынан екі адам жарақат алды.
Әзербайжан билігі бұл жағдайды шабуыл деп бағалап, Ираннан шұғыл түсініктеме беруді талап етті. Осыған байланысты Иранның Бакудегі елшісі Әзербайжан Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.