Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Егер жұмыссыз қалсаңыз, мемлекет жәрдем береді

Егер жұмыссыз қалсаңыз, мемлекет жәрдем береді

180 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда, 128,3 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы – 39 млрд теңге.

Заңға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына тең, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәлімет болған кезде еңбек министрлігі МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Автор
Еркебұлан