KZNews.kz
Шоу-бизнес

ЕАЭО-ға автокөліктерді уақытша әкелу мерзімі ұзартылды - Қазақстан жаңалықтары

KZNEWS

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі жеке тұлғалар үшін 30 қыркүйекке дейін ЕАЭО-ның кедендік аумағында автомобильдер мен басқа да көлік құралдарының уақытша болу мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"30 қыркүйекке дейін автокөлік пен басқа техниканы уақытша әкелген азаматтар оларды ЕАЭО-дан кері әкету міндетінен босатылады және тиісінше олар әкімшілік шараларға ұшырамайды және кедендік төлемдерді төлеуге міндетті болмайды", - деп түсіндірді ЕАЭК.

Сондай-ақ, кеңес ЕАЭО-ға тұрақты тұруға қоныс аударған тұлға мәртебесін алған шетелдік азаматтардың жеке мүлкін одаққа баж салығынсыз, 18 айлық мерзім ішінде әкелуі мүмкіндігі ережесін 30 қыркүйекке дейін уақытша тоқтатты.

Шешім 1 наурыздан 30 қыркүйекке дейін туындаған немесе туындайтын жағдайларға қолданылады.

Комиссия бұл шешімдер азаматтардың ЕАЭО-да коронавируспен күресу шараларына байланысты өз құқықтарын жүзеге асыра алмайтындығынан және міндеттемелерін орындай алмауынан қабылданғанын атап өтті.


stan.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары