KZNews.kz
Қоғам

“Джей Ло-ның концертіне 3540 полицей жұмылдырылған” - депутат

Айжан Сыланова

Оның айтуынша, соңғы уақытта Қазақстанда жаппай мәдени және спорттық шаралар жиілеп, оған мыңдаған құқық қорғаушы тартылып жатыр.

«Астанада өткен Дженнифер Лопестің концертіне шамамен 1300 полицей, ал Алматыда 2240 полиция қызметкері, әскерилер мен еріктілер жұмылдырылды. Соның салдарынан парадокс жағдай қалыптасады: шоу мен концерттерге бүкіл жеке құрам тартылады да, көшелерді патрульдеуге адам қалмайды», – деді депутат.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →