«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Джеки Чан, Ван Дамм түскен боевиктердің режиссері қайтыс болды - Кино

Джеки Чан, Ван Дамм түскен боевиктердің режиссері қайтыс болды - Кино

Гонконг режиссері, продюсер, сценарийші және актер Ринго Лэм 64 жасында қайтыс болды. Бұл туралы South China Morning Post хабарлады.

Лэмның әйелі таңертең оны оята алмағаннан кейін жедел жәрдем шақырған. Айта кетейік, режиссер айтарлықтай ауырмаған, бірақ жақында ол тұмауратып, дәрігерден кеңес алмай дәрі қабылдаған. Қайтыс болуының нақты себебі анықталып жатыр.

Ринго Лэм "алтын ғасырдың" үздік режиссерлерінің бірі болып саналады. Ол өзінің зұлмат әрі шынайы триллерлерімен белгілі. Оның танымал "Оттағы қала" картинасы (1987) 1988 жылы Hong Kong Film Awards кинофестивалінде Лэмге үздік режиссер атағын әкелді.

Гонконг режиссерінің "Максималды тәуекел" және "Репликант" фильмдерінде Жан-Клод Ван Дамм, "Егіз айдаһар" комедиясында Джеки Чан ойнаған болатын.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
Автор
Бауыржан