Шоу-бизнес

“Джеки Чан өзі таңдады” - Атақты актердің фильмін түсіретін режиссердің есімі белгілі болды

“Джеки Чан өзі таңдады” - Атақты актердің фильмін түсіретін режиссердің есімі белгілі болды

Роберт Кун – отандық көрерменге Рүстем Омаровтың MEOW, OFFSIDE және Патруль: Последний приказфильмдеріндегі актерлік рөлдерімен таныс. Алайда халықаралық киноиндустрияда ол 20 жылдан астам тәжірибесі бар экшн-сахналар режиссері ретінде танымал.

Кун бұған дейін Disney, Paramount, 20th Century Fox, Universal және MGM студияларының жобаларында жұмыс істеген. Оның шығармашылық портфолиосында «Дневной дозор», «Особо опасен», «Президент Линкольн: Охотник на вампиров», «Бен-Гур», «Он – дракон», «Время первых», «Майор Гром: Игра» сияқты халықаралық хиттер бар. Сондай-ақ ол ТМД кеңістігінде рекордтық табыс әкелген «Последний богатырь» франшизасының барлық бөлімдеріне қатысқан.

Роберт Кун – шетелдік жобалар мен Sәlem Entertainment ірі картиналарына арналған қазақстандық Action Studio Kun-Do студиясының негізін қалаушы және жетекшісі.

«Осындай деңгейдегі халықаралық жобаны басқару – мен үшін зор мәртебе. Бала кезден кумир болған адаммен бірге жұмыс істеу – арманның орындалуы. Бұл жоба Қазақстанның кино саласын жаңа деңгейге көтереді деп сенеміз. Түсірілімге қазақстандық мамандарды кеңінен тартамыз», – деді Роберт Кун.

«Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімі 2026 жылдың көктемінде басталады. Жақын уақытта актерлік құрам мен жобаның ауқымы туралы жаңа мәліметтер жарияланбақ.
Жаңалықтарды бірінші болып білу үшін @salem.entertainment ресми парақшаларын қадағалап отыру ұсынылады.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz