Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Дұрыс тамақтанбау рейтингінде мұсылман елдері бар

Дұрыс тамақтанбау рейтингінде мұсылман елдері бар

Астана. 16 қаңтар. KAZISLAM – Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы Германиядағы Фридрих Шиллер атындағы Йен университеті сарапшылары жүргізген зерттеу нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Islam-today.

Ғалымдар дұрыс тамақтанбау салдарынан туындайтын өлім көрсеткіштерін зерттеді. Айта кету керек, антирейтингтің алғашқы ондығы бұрынғы Кеңес одағы құрамында болған елдерге тиесілі екен, оның ішінде мұсылман елдері де бар. Дұрыс тамақтанбау рейтингінде Өзбекстан көш бастап тұр. Бұл елде 100 мың адамға шаққанда 394 жағдай тіркелген. Екінші орында Түркменстан (376), үшінші орынға – Қырғызстан (349). Тізімді Украина (349), Молдова (328), Әзірбайжан (319), Беларусь (313), Тәжікістан (310), Қазақстан (306) және Ресей (291) елдері жалғастырады.

Зерттеуде белгілі болғандай, аталған елдердің тұрғындары жеміс-жидектерді, жаңғақ жемістері мен дәнді дақылдарды жеткіліксіз тұтынады екен. Ал Испания, Израиль мен Франция халқы дұрыс тамақтанатын елдер көшін бастап тұр. Бұл елдерде дұрыс тамақтанбау салдарынан болатын өлім көрсеткіші 100 мың адамға есептегенде 43-46 адамнан келеді.

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Санжар