Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дүние жүзіндегі елдердің тұрақты даму индексі жарияланды

Дүние жүзіндегі елдердің тұрақты даму индексі жарияланды

Қазақстан 2018 жылғы тұрақты даму индексі (Sustainable Economic Development Assessment, SEDA) бойынша 152 мемлекеттің ішінде 57-ші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Абай-ақпарат turkystan.kz-ге сілтеме жасап.

Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарын жыл сайын The Boston Consulting Group (BCG) компаниясы жүргізеді. Рейтингтің көш басында Норвегия тұр. Одан кейінгі орындарға Швейцария мен Исландия тұрақтаған. Рейтингтің үздік ондығына Люксембург, Дания, Швеция, Сингапур, Финляндия, Австрия, Нидерланды сияқты елдер кірген.

Рейтингде Қазақстанмен қатарлас тұрған мемлекеттердің ішінде Аргентина (58-орын), Ресей (59-орын), Грузия (60-орын) бар. Одан жоғарырақ 52 және 51-орындарда Беларусь пен Болгария тұр. Румыния 50-орында.

Abai.kz

Дереккөз: https://abai.kz/
Автор
Мадияр