Жарайды, ел алдына шығып, барлық телеарнадан сөйледі. Бұл не? Телеарнада істейтін кәсіби мамандар әр екі сөзден кейін монтаждалғанын айтты. «4 минуттық сөзді қырықжамау қылып эфирге шығарудың қандай қажеттілігі болды? Бұл кім үшін қажет? Елді қайтадан дүрліктіру үшін бе, бұл да біз үшін жұмбақ», – дедім Қаринге.Тұңғыш президент Н.Назарбаев өткенде халық тынышталып қалғанда эфирге шығып, қайтадан елді дүрліктірді. Ол өз сөзінде: «Осыған кім кінәлі? Солардың бәрін тауып, қатаң түрде жазалау керек» деді.
Тағы бір жылдай уақыт өтеді. Қазақ тілінің халі осылай мүшкіл бола берсе, көтеріліс бұрқ ете қалады. Ал оны тоқтату қиын болады. Өйткені, көшеге тек қазақ тілді азаматтар шығады. Сосын тағы қазақ пен қазақ арасында жанжал басталады. Біздің елде адам өлмей, қасірет болмай ештеңені ойламаймыз. Қарапайым ғана ойық көшенің шұңқырында көлік аударылмай оны жасамаймыз. Көшеде қазандық қақпағына адам түспейінше бетін жаппаймыз. Себеппен емес, салдарымен ғана күресеміз. – Шын мәнінде, қымбатшылық халықты қанап жібергені шындық қой? – Әрине, аш адам не істемейді? Халық жоқшылықтан шықты. Ашынған адам аямайды. «Ашынған адам Аллаға да жұдырық көрсетеді» дейді ғой. Оны Аллаға емес, өзіміздің билікке неге көрсетпеске? Біздің түбімізге жеткен – мақтангершілік. Отыз жыл бойы мақтанып келдік. «Түркіменнен, өзбектен озып кеттік, ТМД елдерінен асып түстік, Шығыс Еуропа мемлекеттерімен қатарласып қалдық, озық отыз елдің қатарына қосылдық» деп ресми хабарлап та жібердік. Қайда қосылғанымыз?! Халқымыз әлі қайыршының күйін кешіп келеді. Кеше митингіге «бұзақы», «оңбаған» жастар шықты деді. Бірақ олар неге шықты? Олар әбден ашынғаннан шықты. Кедейліктің шыңына жетіп шықты. Не жұмыс жоқ, не алатын жалақысы аз. 50-60 мың теңгеге қалай күн көреді? Әлдеқандай етіп төменгі жалақыны 42 мың 500 теңгеден 60 мыңға көтердік деп жария етті. Айналайындар, 60 мың теңгемен кім өмір сүреді?!1,5 млн халқы бар, жерінің көлемі Алматы облысындай ғана Эстонияның өзі Еуропаның қақ ортасында отырып, баяғыда-ақ ассимиляцияға ұшырап кететін халық еді. Бірақ әлі күнге эстон тілінде сөйлейді.
Кеңес үкіметі кезінде үш бала туған анаға перзентхана үйінен шығарда үш бөлмелі пәтердің ордерін беретін. Қазір 3 бала тұрмақ, 10 бала туса да ешкімнің шаруасы жоқ. Ана мен балаға немқұрайлы боп кеттік. Әншейінде Ресей насыбай иіскесе, біз түшкіреміз. Солардың бүкіл реформасын қайталаймыз. Ұлтқа керек емес жағын аламыз. Бірақ Путиннің аналарға жасап жатқан жақсылығын «Ана капиталын» қабылдағымыз келмейді. 60 мың теңгені әлдеқандай қылып жатырмыз. Ал олар жаңа туған нәрестеге 250 мың рубль жәрдемақы төлейді. Өзбек халқы сияқты ұлтқа жаны ашитын басшы келмеді. Олар демографияға сонау жылдары-ақ көңіл бөлді. Ал біздің мұнымен шаруамыз сол кезде де болған жоқ, тәуелсіздіктен кейін де болған емес. Қайта билік қазақтың көбеюіне қарсы болды. «Жастар бірде-бір шенеунікке сыйластықпен қарамайды» – Мемлекеттік хатшыға қандай ұсыныстар айттыңыз? – Менің ұсынысым – халықтың тұрмысын шынайы зерттейтін әлеуметтік зерттеу институтын құруымыз керек. Бұл институт халықтың қал-ахуалын зерттеп, үкіметке айтып отыруы қажет. Ал Статистика агенттігі нағыз өтірікші органға айналып кетті. Билік не десе, соны айтады. Тіпті, халық санағының өзін бұрмалап жібереді. Мәселен, былтыр санақ өтті, біз үй-ішімізбен санаққа ілінген жоқпыз. Мен халық санағына да сенбеймін. Өйткені, менің төңірегім, бала-шағам, 20 шақты адамның біреуі де саналған жоқ. Кешегі оқиғаның өзі осындай өтіріктердің су бетіне шыққанынан болды. Біз мақтанып-мақтанып, ең артында қалдық. Өзбекстанда үш газ байыту зауыты, төрт мұнай өңдеу зауыты салынды. Ал біз әлі күнге дейін баяғы ескі зауыттарды жөндеп келе жатырмыз. Оның біреуі егін егерде немесе орарда жөндеуге жабылады да, жанармай қымбаттап кетеді.Осыдан үш жыл бұрын жоқшылықтың салдарынан бес бала өртеніп кетті. Осының бәріне себеп – жоқшылық. Жоқшылық жұрттың шыңына жетті. Бай байыған сайын, кедей кедейленіп жатыр. Сол себептен де халық ашынды. Ашынған адам ештеңеден тайынбайды. «Мә, саған» дейді де, үйіңді де бұзады, көлікті де өртейді, дүкенді де тонайды.
Біз мақтанып жүргенде олар зауыттар салып, самолет шығарады. Өзбекстан он жылдан кейін Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея сияқты азия барысына айналады. Ал біз бүкіл ақшаны астананы салуға жұмсадық. Оның ар жағында Назарбаевтың қалаға өз атын қоятынын білдік. Астананың аты «Астана» бола ма екен? Соның бәрін жазушы айтпағанда, кім айтады? Ең ақыры бізді қырғыздың өзі киіммен қамтамасз етіп жатыр. Бір шұлық шығара алмадық. Сөйте тұра бәрінен озып кеттік дейміз. Осыған Үкімет қалай көз жұмып қарады? Біз бәріне балаша сендік. «2030 жылы жақсы өмір сүреміз, одан қала берді 2050 жылы бәрі керемет болады» деді. Ал аяғы не болды? Тәуелсіздіктен айрылып қала жаздадық емес пе? Алдау, арбау, жемқорлықтың салдарынан халық әбден кедейленіп, ыңыршағы шықты. Шетелден оқып келген жастарымыз жұмыс таба алмай, қайтадан шетелге кетіп жатыр. Осында қалғанының өзі 70-80 мың теңгеге жұмыс істеп жүр. Бұл айлықпен жастар қалай үйленіп, тұрмыс құрмақшы? Біз болашақты ойлаймыз ба? Таңертең тұрып, кешке ұйқтағаннан басқа не бітірдік?Бізде не көп, мұнай көп. Сондай мұнай өңдейтін зауыттар бізде салынуы керек еді ғой. Өзбекстанда ештеңе жоқ болса да, бәрі бар. Ал бізде бәрі бар, бірақ ештеңе жоқ.
«Халықтың жағында болған «Халық әртісін» көрген жоқпын»
– Жаңаөзенде басталған қымбатшылыққа қарсы бейбіт митингіні де тек сіз қолдаған сияқтысыз. Осындай кезде зиялы қауым неге басын бұғып қалады? – Бүкіл Қазақстанның байлығы бір отбасына кетіп жатыр екен. 162 адам біздің байлығымызға ие болып отыр. «Шеврон» компаниясы игілігінің 15 пайызын ғана алады екенбіз. Біз неге байлығымызбен басқа біреулерді асырап жатырмыз? Осыны біз айта бастасақ, оппозицияға қосады да, соңымыздан ҰҚК түседі. Мен мұны өткен жолы да айттым, қазір де айтам. Журналист Нартай Аралбайұлына бір жарым сағат берген сұхбатымда да айттым. Шындықты айтқаным үшін миллионға жуық адам көрді, мыңнан астам адам пікір жазды.Жаңаөзендіктер мен маңғыстаулықтармен бірге екенімді айттым. Жазушылардың біреуі үндеген жоқ. Бәрі аңысын аңдып отырды. Алайда, олар жағымпаздықты, қорқақтықты, жасқаншақтықты сынайды, бірақ өздері сол топтың ішінде екенін байқамайды. Сол кезде неге біреуі үн қатпады? Батырмын деп мақтанып отырған жоқпын. Бірақ жазушының сөзін айттым. «Мұнайға шомылып отырып – жанармайға жарымаймыз, қамба-қамба астықтың үстінде отырып – нан қымбаттайды, газдың үстінде отырып – газ қымбаттайды. Айлығы шайлығына жетпей жатқан халық ашынып көтеріліс жасамағанда қайтпек? Мен сіздерді қолдаймын. Барыс жылы барысша мінез көрсеттіңіздер! Мен сіздердің жағыңыздамын, құрметті мұнайшылар мен жаңаөзендіктер! Бірақ араларыңызға арандатушылар кіріп кетіп, бейбіт шерудің аяғын бүлікке айналдырмасын» деп едім, солай болды.Шындықты айтамыз, ол үшін бізді жек көрмеңдер! Өткенде Жаңаөзенде басталған бейбіт митингіні жазушылар арасынан алғаш болып қолдаған менмін!
Жазушы – халықтың жағына болса ғана жазушы. Жүр ғой, әне Олжастар! Қайда солар?! Үндемейді. Олардың өздері әбден жасқаншақ болып кеткен. Осының бәрін айттым. Мұны айтқаным үшін мені айыптамаңдар! Өйткені, халықтың ойын айттым. Біз айтпағанда кім айтады, айтыңдаршы ал? Биліктің айтқанына бас шұлғып, сөйлей алмасақ, сол биліктің жағымпаз, жақыбайларынан қай жеріміз артық? Құдай бізге «Шындықты айтыңдар!» деп қалам берді. Ал біз айтқымыз келмейді. Немқұрайлымыз. Л.Толстойдың «Равнодушие – это душевная подлость» деген сөзі бар. Яғни, «Немқұрайлылық – адам жанының азғындығы». Міне, біз осыған байқамай еніп кеттік. Қой екеш қой да тұяғын серпиді ғой. Біз ондай да мінез таныта алмаймыз, үндемейміз. 30 жыл бойы немен айналыстық? Осыны талай айттым. Соңыма ҰҚК түскен, жұмысымнан алып тастады. Үш жыл жұмыссыз жүрдім. Сонда да тілімді тартқан жоқпын, құдайға шүкір.Ешуақытта халықтың жағында болған «Халық әртісін» көрген жоқпын! Ешуақытта халықтың жағында болған «Халық жазушысын» көрген жоқпын!
«Назарбаев қылмысын жасырғысы келді»
– Сізді академияны таратқан кезде де батыл пікір айтқан деп естіп едім... – Академияда сөз сөйледім. Президент өзі жайлы бұйрық шығарыпты. Оның қызметі аяқталғаннан кейін, отбасы қудаланбайды, қаржы-мүлігі тексерілмейді деп бұйрық шығарыпты. Сол кезде он күн бұрын Қаныш Сәтпаев құрған академияны он минутта таратып жіберді. Бардым. Сөз берді. Қазақта «Жау кеткен соң қылышыңды боққа шап» деген мақал бар. Академияны таратып жіберіп, енді неге жиналып отырсыңдар?» дедім. Сонда біреуі «Неге тараттың? Мемлекеттің қаржысы жетпей ме?» деп сұрақ қоя алмадыңдар. Не сендер өтірік академиксіңдер, не нағыз қорқақ академиксіңдер» дедім. Оларға да жеккөрінішті болдым.Жарайды, елдегі ситуацияға байланысты оған да кешіріммен қарайық. Жол-жөнекей түзелетін шығар. Бірақ ол кісіге де жақсы кеңесші, ақылшы керек. Өйткені, ел қым-қуыт болып жатқанда адам байқамай артық сөзді айтып қалуы мүмкін. Оған Әбіш Кекілбаев сияқты абыз адам, жақсы кеңесші керек. Ел ішіндегі сөздерді айтып отыруы керек. Сондықтан Ерланға «өзің сияқты қазақтілді, ақылы бар адам кеңесші болғаны дұрыс болар еді» дедім.Осының бәрін Мемлекеттік хатшы Е.Қаринге «Дулат Исабеков осындай екі қателігіңізді айтты» деп президентке жеткіз» дедім. «Тоқаев мені қабылдасын. Осы сөздерді бетіне айтайын. Қайта оған бұл пайдалы болар еді» деген сәлемдеме айттым.
«Назарбаев менің юморымды сағыныпты»
– Сол күні Нұрсұлтан Әбішұлымен жеке кездестіңіз бе? – Иә, кездестім. Сол күні көңіл-күйі жақсы болды. 13 адамға орден тақты. Екі жыл бұрын аяғыма ота жасалған. Медаль тағуға шақырғанда аяғымды сылтып басып қалып едім, «Аяғыңа не болды?» деді. Менімен сол жерде кішкене сөйлесіп қалды. «Ота жасап еді, дұрыс болмаған сияқты» дедім. «Онда осыдан кейін өзіміз оңаша сөйлесейік» деді. Сөйтіп, жеке қабылдауына кіріп, амандық-саулықтан кейін әңгімелестік.Біз Тәуелсіздікті ең сонынан алдық. Қысқасы, тәуелсіздік «көшеде» жатқанда алдық емес пе? Бізді Ресей рубль аймағынан итеріп шығарған соң амалсыз егемендік алдық. Әрі-беріден кейін тәуелсіздікті ұялғанымыздан алдық. Ең соңынан алғанын да мақтаныш көреді. Тағы да біраз адамның үш сөзінің екеуі Назарбаев еді ғой. Қазір «Nur Otan» партиясы қатарынан 150 адам шығыпты. Солар кеше ғана осы партия десе, ішкен асын жерге қоятын адамдар еді. Енді келіп тайқып шыға келді. Қандай опасыздық?! Кімнің тарысы піссе, соның тауығы болып жүрген бейшаралар ғой. Ертең Тоқаевтың басына бұлт үйірілсе, бұлар тағы сөйтеді. Елді құртатын – жағымпаздар. – Сұхбатыңызға рақмет!Жолдасбеков сөйлеген сайын уайым қылып отыратын едім. Япыр-ай, Назарбаев жайлы айтқанда «елдің тәуелсіздігін сол кісінің арқасында алдық» деп қалай айтады? Олай емес қой, мұны бәрі біледі!