KZNews.kz
Жаңалықтар

"Дұғада болайықшы": Әбдіжаппар Әлқожа елді дүр сілкіндірген оқиғаға үн қосты

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа Алғабас ауылында болған қайғылы оқиғаға қатысты әлеуметтік желіде үн қатты, деп хабарлайды kznews.kz.

Әнші орын алған жағдайдың бүкіл қазақ халқы үшін ауыр соққы болғанын айтып, қаза тапқандардың отбасы мен туыстарына көңіл айтты.

"Жетісайдағы оқиға барша қазақ үшін ауыр қайғы. Әулетіне қайғыра көңіл айтамыз. Құрметті оқырман-достар! Бүгін-ертең көңілді пост немесе жеке шаруамызға қатысты сторис салмай, қайғыға дұғамен ортақтасайықшы. Елге амандық тілеп, қазалы шаңыраққа көңіл білдіру үшін Құран бағыштап, дұғада болайық. Алла елімізге жар болсын", – деп жазды ол.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары